09.05.2026 10:16
«Реал» Моуриньюға келісімшарт ұсынды
09.05.2026 10:16
«Бенфика» бас бапкері Жозе Моуринью «Реалға» оралуы мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, Мадрид клубының президенті Флорентино Перес оған 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшарт ұсыныпты. Сондай-ақ Жозені жібергісі келмей отырған «Бенфикаға» үш миллион доллар өтемақы төлеуге дайын екен. Бірақ Лиссабонның клубы тәлімгеріне келісімшартты ұзарту бойынша ұсыныс жасап, жауабын күтіп отыр.
63 жастағы португалиялық тәлімгер осыған дейін «бланкосты» 2010-2013 жылдар аралығында баптаған еді.