08.05.2026 23:39

Фернандеш АПЛ осы маусымының үздік ойыншысы атанды

08.05.2026 23:39

«Манчестер Юнайтед» капитаны әрі жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды

Футбол журналистерінің қауымдастығы ішінде өткен дауыс беруде Фернандештің көрсеткіші 45%-ды құрады. Сондай-ақ үміткерлер қатарында «Арсенал» жартылай қорғаушысы Деклан Райс пен «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд болған еді.

Осылайша Фернандеш бұл аталым бойынша 2010 жылдан бері топ жарған алғашқы «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды. Ол кезде Уэйн Руни үздік болған.

31 жастағы португалиялық ойыншы АПЛ осы маусымында 32 матчта сегіз гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram