08.05.2026 20:12

Жозе Моуринью «Реалға» оралуға жақын

08.05.2026 20:12

«Бенфика» бас бапкері Жозе Моуринью «Реалға» оралуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Мадридтің клубы «Моуриньюды қайтару» операциясын бастады және «Бенфикамен» тікелей келіссөз жүргізіп жатыр. 63 жастағы португалиялық маманның өзі «бланкосты» тізгіндеуге ниетті, бірақ соңғы сөзді президент Флорентино Перес айтады.

«Реал» Жозеден бөлек Маурисио Почеттино, Лионель Скалони және Дидье Дешамды қарастырып жатыр екен.

Моуринью осыған дейін «Реалды» 2010-2013 жылдар аралығында баптаған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram