08.05.2026 18:03

АПЛ үздік бапкері анықталды

08.05.2026 18:03

Пеп Гвардиола Ағылшын Премьер-лигасының сәуірдегі үздік бапкері атанды

Оның командасы «Манчестер Сити» өткен айда «Арсеналды» (2:1), «Челсиді» (3:0) және «Бёрнлиді» (1:0) тізе бүктірді.

Осылайша 55 жастағы испан маманы жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Нуну Эшпириту Сантуды («Вест Хэм Юнайтед»), Даниэль Фаркені («Лидс Юнайтед»), Фабиан Хюрцелерді («Брайтон»), Андони Ираоланы («Борнмут»), Витор Перейраны («Ноттингем Форест») және Арне Слотты («Ливерпуль») артқа тастады.

34 турдан кейін 71 ұпай жинаған «қалалықтар» Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram