08.05.2026 17:35

АПЛ үздік ойыншысы белгілі болды

08.05.2026 17:35

Морган Гиббс-Уайт Ағылшын Премьер-лигасының сәуірдегі үздік ойыншысы атанды

«Ноттингем Форест» капитаны әрі жартылай қорғаушысы өткен айда үш матчта төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді

Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Джаррод Боуэн мен Константинос Мавропаносты (екеуі де – «Вест Хэм Юнайтед»), Райан Шерки мен Нико О'Райлиды (екеуі де — «Манчестер Сити»), Паскаль Гроссты («Брайтон»), Ноа Окафорды («Лидс») және Алекс Скотты («Борнмут») артқа тастады.

26 жастағы англиялық ойыншы осы маусымда 51 матчта 16 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram