08.05.2026 14:05

Гвардиол «Манчестер Ситиде» қалады

08.05.2026 14:05

«Манчестер Сити» қорғаушысы Йошко Гвардиол клубта қалады

Sky Sports хабарлауынша, «қалалықтар» онымен келісімшартты ұзарту үшін барын салып жатыр және істі тезірек бітіргісі келеді.

Осыған дейін Николо Скира жаңа құжаттың 2030 жылдың жазына дейін жарамды болатынын жария қылған еді. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

«Қалалықтар» Гвардиолды 2023 жылы «Лейпцигтен» 90 миллион еуроға сатып алған. Ол осы маусымда 23 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Йошко қаңтар айында оң аяғын сындырып алып, содан бері ойнамады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram