08.05.2026 13:18

Нуньес АПЛ-ге оралуы мүмкін

08.05.2026 13:18

«Әл-Хиләл» шабуылшысы Дарвин Нуньес Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

GiveMeSport хабарлауынша, 26 жастағы уругвайлық форвард Саудия клубынан кетуге дайын. Осыған дейін «Әл-Хиләл» Нуньесті Кәрім Бенземаның келуіне байланысты Саудия Про-лигасында ойнайтын футболшылар тізімінен шығарған еді.

Қазіргі таңда оған «Челси», «Ньюкасл», «Ювентус», «Атлетико» және «Фенербахче» қызығушылық танытуда.

Нуньес «Әл-Хиләлге» 2025 жылы «Ливерпульден» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 24 матчта тоғыз гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram