08.05.2026 12:03
Барколя «Арсеналға» ауысуы мүмкін
08.05.2026 12:03
ПСЖ вингері Брэдли Барколя жақын арада клуб ауыстыруы мүмкін

Sky Sports хабарлауынша, «Арсенал» оны өз қатарынан көргісі келеді және 23 жастағы француз туралы бар ақпаратты жинап қойыпты.
Одан бөлек Брэдлиге көз тіккендердің қатарында «Барселона» мен «Ливерпуль» бар.
Париждің клубы Барколяны 2023 жылы «Лионнан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 45 матчта 12 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.