08.05.2026 01:31
Роналду Про-лигадағы 100-голын соқты
08.05.2026 01:31
Саудия Про-лигасының 33-турында «Әл-Наср» сырт алаңда «Әл-Шабабты» 4:2 есебімен тізе бүктірді

Матчтың 75-минутында Криштиану Роналду мергендік танытты. Бұл 41 жастағы португалиялық форвардтың Сауд Арабиясы чемпионатындағы 100-ші және жалпы мансабындағы 971-голы болды.
Роналду Эр-Риядтың клубына 2023 жылы еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол осы маусымда 34 матчта 28 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.