07.05.2026 20:13
«Реал» ойыншысы мансабын аяқтауы мүмкін
07.05.2026 20:13
«Реал» қорғаушысы Ферлан Мендидің жағдайы белгілі болды

Cope хабарлауынша, 30 жастағы француз ойыншысының жарақаты ойлағаннан да ауыр болып шықты. Медициналық тексерістен кейін оның оң аяғының бұлшық етінің сіңірі үзіліп кеткені анықталды. Осыған байланысты алғашында болжағандай бес ай емес, шамамен бір жылға қатардан шықты және оған Францияда ота жасалады. Менди енді мансабын аяқтауды ойлап жүр екен.
Мадридтің клубы Мендиді 2019 жылы «Лионнан» 48 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда тоғыз матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.