07.05.2026 18:22
Мбаппе Эль-Класикоға қатыса ма?
07.05.2026 18:22
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппенің жағдайы белгілі болды

Tiempo de Juego хабарлауынша, 27 жастағы француз форварды бүгін, 7 мамырда медициналық тексерістен өткен. Нәтижесінде Эль-Класикоға қатыса алатын болды.
Ол осыған дейін «Бетиске» (1:1) қарсы матчта сол аяғының бұлшық етін зақымдап алған еді.
Испания Ла Лигасының 35-туры аясында «Камп Ноуда» өтетін «Барселона» – «Реал» матчы, 10 мамыр күні сағат 00:00-де басталады.