07.05.2026 08:23

Opta ПСЖ – «Арсенал» матчының фаворитін жариялады

07.05.2026 08:23

Opta порталы Чемпиондар лигасының финалында кездесетін ПСЖ – «Арсенал» жұбының фаворитін атады

Суперкомпьтер бұл текетіресте Лондонның клубын фаворит санайды. «Зеңбірекшілердің» чемпион атану ықтималдығы 55,76%-ды құрайды. Ал Париж клубының топ жару мүмкіндігі 44.24%-ға бағаланған.

Финал 30 мамыр күні Венгрия астанасы Будапештегі «Пушкаш Арена» стадионында өтеді. Осыған дейін «Арсенал» «Атлетиконы», ал ПСЖ «Баварияны» қапы қалдырған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram