07.05.2026 19:53
Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы белгілі болды
07.05.2026 19:53
Деклан Райс Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчтары бойынша үздік ойыншы атанды

«Арсенал» жартылай қорғаушысы «Атлетикоға» (1:0) қарсы матчта толық 90 минут ойнады. Осы уақыт ішінде ол 9,9 шақырым жүгіріп тастаса, ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 32,4 шақырымға дейін жетті. Ал пастарының дәлдігі 91%-ды құрады.
Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде ПСЖ қорғаушысы Вильян Пачоны артқа тастады.
«Зеңбірекшілер» Райсты 2023 жылы «Вест Хэмнен» 116,6 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 52 матчта бес гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.