08.05.2026 17:07
Дэвис қатардан шықты
08.05.2026 17:07
«Бавария» қорғаушысы Альфонсо Дэвис жарақат алды

25 жастағы канадалық ойыншы ПСЖ-ға қарсы Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта матчында (1:1) сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты шамамен 4-5 апта командасына көмектесе алмайды, бірақ Әлем чемпионатына дайын болады.
Дэвис осы маусымда 23 матчта бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.