08.05.2026 20:56
Вальверде мен Тчуамени жазаланды
08.05.2026 20:56
«Реал» өзара жаға жыртысқан Федерико Вальверде мен Орельен Тчуамениге қатысты мәлімдеме жасады

Оған сәйкес, олар кінәсін мойындап, бір-бірінен, клубтан, командаластарынан, бапкерлер штабынан, жанкүйерлерден кешірім сұрады және кез-келген жазаны өтеуге дайын. Сондықтан екеуіне де 500 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.
Төбелестің нәтижесінде Федерико Вальверде бас сүйегін сындырып алып, оны тіктірген. Соған байланысты 27 жастағы уругвайлық жартылай қорғаушы екі апта көлемінде командасына көмектесе алмайды.
34 турдан кейін 77 ұпай жинаған «бланкос» Испания Ла Лигасында екінші орында келеді. Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі кездесуін 10 мамыр күні «Барселонаға» қарсы өткізді.