09.05.2026 10:33
Эдерсон «Фенербахчеден» кетеді
09.05.2026 10:33
«Фенербахче» қақпашысы Эдерсон клубтан кетеді

ESPN хабарлауынша, 32 жастағы бразилиялық голкипер үшін Түркия чемпионатының деңгейі төмен екен. Сондықтан Әлем чемпионатынан кейін клуб ауыстыруды жоспарлап отыр.
Эдерсон Ыстамбұл командасына өткен жазда «Манчестер Ситиден» 11 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 36 матчта 35 гол өткізіп, 13 ойында қақпасына доп жібермеді.