09.05.2026 14:45
Ван Дейк «Галатасарайға» ауысуы мүмкін
09.05.2026 14:45
«Ливерпуль» қорғаушысы әрі капитаны Вирджил ван Дейк мансабын Түркияда жалғауы мүмкін

Sporx хабарлауынша, оған «Галатасарай» қызығушылық танытуда. Ыстамбұлдың клубы 34 жастағы Нидерланд құрамасының ойыншысын жазда қатарына қосқысы келеді. Вирджилдің өзі де клуб ауыстыруға дайын екен.
Ван Дейк Мерсисайдтың клубына 2018 жылы «Саутгемптоннан» 84,65 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 52 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.