09.05.2026 18:49
«Челсидің» сәтсіз сериясы аяқталды
09.05.2026 18:49
Ағылшын Премьер-лигасының 36-турында «Челси» сырт алаңда «Ливерпульмен» (1:1) тең тарқасты

Осылайша «көктер» сәтсіз сериясына нүкте қойды. Бұған дейін Лондонның клубы ішкі біріншілікте алты матч қатарынан жеңілген еді. Атап айтсақ, Лиам Росеньор шәкірттері «Ноттингем Форестке» (1:3), «Брайтонға» (0:3), «Манчестер Юнайтедке» (0:1), «Манчестер Ситиге» (0:3), «Эвертонға» (0:3) және «Ньюкасл Юнайтедке» (0:1) есе жіберген.
36 турдан кейін 49 ұпай жинаған «Челси» турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр. Келесі турда команда 19 мамыр күні «Тоттенхэмді» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын «Манчестер Ситимен» «Уэмблиде» Англия кубогын сарапқа салады.