27.09.2025 22:12

Хаби Алонсо: «Реал» деген атқа лайық болмадық

27.09.2025 22:12

«Реал» бапкері Хаби Алонсо баспасөз мәслихатында «Атлетикоға» (2:5) қарсы жеңіліске қатысты пікір білдірді

— «Команда бүгін өз-өзіне ұқсамады. Біз дардай «Реал» деген атымызға лайық болмадық.

Ауыр жеңіліс болды. Бұл ойынды ешқашан ұмытпаймыз. Бүгінгіден сабақ шығаруымыз керек,– деді Алонсо.

«Реал» биылғы маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты. Алайда Ла Лиганың өткен алты турындағы жеңістің арқасында көш басындағы орнын ешкімге бермей тұр.

Айта кетейік, Мадридтің ұжымы келесі кездесуін Чемпиондар лигасының 2-туры аясында «Қайратқа» қарсы Алматыда өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram