30.08.2025 13:51
Хаби Алонсо: «Алматыға сапар – ерекше болмақ»
30.08.2025 13:51
«Реал» бас бапкері Хаби Алонсо Чемпиондар лигасындағы қарсыласы қазақстандық «Қайрат» туралы пікір білдірді
— Қарсыластарымыз оңай емес. Алматыға сапар — біз үшін ерекше болмақ. «Қайратпен» қалай ойнайтынымызды көре жатармыз. Қазір ең алдымен логистикалық мәселелерді шешу қажет,— деді Алонсо AS басылымына берген сұхбатында.
Алматының ұжымы жалпы кезеңде «Реал», «Интер», «Арсенал», «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» сынды командалармен шеберлік байқасады.
Ал мадридтік клуб «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Ювентус», «Бенфика», «Марсель», «Олимпиакос», «Монако» және қазақстандық «Қайратпен» күш сынасады.
Алғашқы тур ойындары 16-18 қыркүйек аралығына жоспарланған.