27.09.2025 21:59
Мадрид дербиінде «Атлетико» жеңіске жетті
27.09.2025 21:59
Ла Лиганың 7-туры аясында «Атлетико» өз алаңында «Реалды» тізе бүктірді
Мадрид дербиінде 5:2 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Хулиан Альварес дубль жасаса, Робин Ле Норман, Александер Сёрлот және Антуан Гризманн бір гол соқты. Ал «бланкос» футболшылары арасынан Килиан Мбаппе мен Арда Гүлер көзге түсті.
Осылайша «Реал» биылғы маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты. Алайда еншісінде 15 ұпайы бар Патша клубы көш басында қала береді.
Ал 12-ұпайына қол жеткізген Диего Симеоне шәкірттері 4-орынға көтерілді.