27.09.2025 21:20

«Манчестер Сити» сенімді жеңіске жетті

27.09.2025 21:20

Ағылшын Премьер-лигасының 6-туры аясында «Манчестер Сити» «Бёрнлиді» 5:1 есебімен жеңді

Манчестер клубының сапында Эрлинг Холанд дубль жасаса, Матеус Нуньеш бір мәрте көзге түсті. Ал «Бёрнлидің» жалғыз голын Джейжон Ентони соқты.

Сондай-ақ француз қорғаушысы Максим Эстеве екі автоголдың авторы атанды.

Осылайша алты ойыннан кейін 10 ұпай жинаған «қалалықтар» турнир кестесінде 4-сатыға табан тіреді.

Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда «Брентфордке» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram