14.09.2025 14:26

Бернарду Силва «Ман Ситиден» кетуі мүмкін

14.09.2025 14:26

«Манчестер Сити» капитаны Бернарду Силва клубтан кетуі мүмкін

Diario AS мәліметінше, Манчестердің клубы 31 жастағы футболшыға жаңа келісімшарт ұсынбайды екен. Осыған байланысты Силва жазда еркін агент атануы мүмкін.

Португалиялық жартылай қорғаушыға қазір «Ювентус» пен «Бенфика» қызығушылық танытып отыр.

Силва «қалалықтар» намысын 2017 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 410 матч өткізіп, 72 гол соғып, 73 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Англияның алты дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram