09.09.2025 20:23

Доннарумма «Ман Ситиде» қашан дебют жасайды?

09.09.2025 20:23

«Манчестер Ситидің» жаңа ойыншысы Джанлуиджи Доннарумма клубтағы дебютін қашан жасайтыны белгілі болды

Sky Sports мәліметінше, 26 жастағы қақпашы алдағы манчестерлік дербиде алаңға шығуы мүмкін.

Италиялық футболшы апта соңында жаңа командасына қосылып, матчқа шақырту алады деп күтілуде.

Доннарумма «қалалықтар» сапын жазғы трансфер кезеңінің соңғы күндерінде толықтырған еді. Англиялық клуб голкипер үшін ПСЖ-ға 30 миллион еуро төледі. Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Ағылшын Премьер-лигасының 4-туры аясында өтетін «Манчестер Сити» – «Манчестер Юнайтед» матчы 14 қыркүйек, сағат 20:30-ға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram