08.09.2025 18:29

Рейндерс — «Ман Ситидің» тамыз айындағы үздік ойыншысы

08.09.2025 18:29

Тиджани Рейндерс «Манчестер Ситидің» тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды

Нидерландтық жартылай қорғаушы жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Эрлинг Холанд пен Джон Стоунзды шаң қаптырды.

Тиджани өткен айда АПЛ аясында үш матч өткізіп, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Айта кетейік, Рейндерс манчестерлік клубтың сапына биыл жазда қосылған еді. «Қалалықтар» 27 жастағы футболшы үшін «Миланға» бонустармен есептегенде 70 миллион еуро төледі. Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram