13.09.2025 13:03

«Ман Ситидің» тағы бір ойыншысы қатардан шықты

13.09.2025 13:03

«Манчестер Ситидің» ойыншысы Раян Аит-Нури бірнеше аптаға қатардан шықты.

24 жастағы алжирлік қорғаушы тобығын жарақаттап алған еді. Осыған байланысты енді шамамен бес апта ойнамайды.

Яғни Манчестер дербиі мен Чемпиондар лигасының кемі екі матчына қатыспайды.

Естеріңізге сала кетсек, «қалалықтар» Раянды жазда «Вулверхэмптоннан» 36,8 млн еуроға сатып алған еді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram