12.09.2025 22:16
Рюдигер «Қайратқа» қарсы ойнамайды
12.09.2025 22:16
«Реал» ойыншысы Антонио Рюдигер жарақат алды
Германиялық қорғаушы сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты шамамен үш ай бойы командасына көмектесе алмайды екен. Сәйкесінше алматылық «Қайратқа» қарсы ойынға да қатыспайды.
Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының 2-туры аясында өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. «Орталық» стадионда өтетін тарихи матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-ке белгіленген.