12.09.2025 12:39
«Қайрат» – «Реал»: билеттің ықтималы құны белгілі болды
12.09.2025 12:39
«Спорт Шредингера» хабарлауынша, «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы төрт ойынның билетін бірден сатпақ.
Дереккөздің бейресми ақпараты бойынша Батыс трибундағы төрт матчқа арналған билеттің құны 1 000 000 теңге (бір ойынға – 250 000) болады екен.
Шығыс трибунада бұл сома 600 000 теңгені құрайды, ал Оңтүстік пен Солтүстік трибунада отырып, төрт ойынды көру үшін 300 000 теңге төлеу керек.
Естеріңізге сала кетсек, алматылықтар өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпикосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (20 қаңтар) қабылдайды.