15.09.2025 16:56
«Манчестер Сити» 130 млн еуродан бас тартты
15.09.2025 16:56
Фил Фоден «Манчестер Ситиде» қала бермек
Fichajes мәліметінше, 25 жастағы жартылай қорғаушы үшін «Әл-Наср» 130 миллион еуро ұсыныс жасаған. Ал «қалалықтар» тіпті келіссөз де бастамай, бірден бас тартыпты.
Гвардиола Фил Фоденді сатуға үзілді-кесілді қарсы екенін басшылыққа айтқан екен.
Фоден – «Манчестер Сити» академиясының түлегі. Негізгі команданың сапында жалпы 321 матч өткізіп, 101 гол соғып, 61 нәтижелі пас берді.