31.08.2025 14:01

Фил Фоден қатардан шықты

31.08.2025 14:01

«Манчестер Сити» ойыншысы Филип Фоден жарақат алып қалыпты

Осыған байланысты АПЛ 3-турындағы «Брайтонға» қарсы матчқа қатыспайды.

Филді соңғы кездері тобығы мазалап жүрген еді. Соның салдарынан 1-турда өткен «Вулверхэмптонға» қарсы ойыннан да тыс қалған.

Жалпы бұл 25 жастағы вингердің «қалалықтар» сапындағы тоғызыншы жарақаты болды.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram