27.09.2025 21:35

«Ливерпуль» алғаш рет ұпай жоғалтты

27.09.2025 21:35

Ағылшын Премьер-лигасының 6-туры аясында «Ливерпуль» сырт алаңда «Кристал Пэласқа» есе жіберді

«Селхерст Паркте» өткен ойында Лондонның клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері сапында Исмаила Сарр мен Эдди Нкетиа мергендік танытты. Ал Мерсисайд ұжымының жалғыз голын Федерико Кьеза соқты.

Осылайша «Ливерпуль» биылғы маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты. Бірақ, өткен бес турда жинаған 15 ұпайға байланысты көш басын ешкімге бермей тұр.

Арне Слоттың жігіттері келесі турда «Челсиге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram