27.09.2025 19:27
Нуну Эшпириту Санту «Вест Хэм» бас бапкері атанды
27.09.2025 19:27
«Вэст Хэм» клубтың тізгінін Нуну Эшпириту Санту ұстағанын ресми түрде хабарлады.
Қос тарап үш жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.
51 жастағы маман жаңа клубындағы алғашқы матчын 28 қыркүйек күні «Эвертонға» қарсы өткізеді.
Нуну Грэм Поттердің орнын басты. Ал өзі осы айда «Ноттингемнен» кеткен еді.
Естеріңізге сала кетсек, португалиялық бапкер «Форесті» 2023 жылдың 20 желтоқсанынан бері тізгіндеп, 71 матч (30 жеңіс, 15 тең, 26 жеңіліс) өткізді.