27.09.2025 18:29
«Манчестер Юнайтед» жеңіліс тапты
27.09.2025 18:29
Ағылшын Премьер-лигасының 6-туры аясында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Брентфордке» жол берді
Лондонда өткен кездесуде 3:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Игор Тиаго дубль жасаса, Матиас Йенсен бір рет мергендік танытты. Ал манкуниандықтардың жалғыз голын Беньямин Шешко соқты.
Сондай-ақ 76-минутта Бруну Фернандеш пенальтиден мүлт кетті.
Осылайша алты ойында жеті ұпай жинаған «қызыл сойқандар» live-кестеде 12-орынға табан тіреді.
Рубен Аморим шәкірттері келесі турда өз алаңында «Сандерлендті» қабылдайды.