27.09.2025 08:43

Кейн Роналду мен Холандтың рекордын жаңартты

27.09.2025 08:43

«Бавария» Бундеслиганың 5-турында «Вердерді» 4:0 есебімен жеңді.

Бұл матчта Харри Кейн дубль жасап, мюнхендіктердің сапындағы 100-ші голын соқты.

Осылайша 32 жастағы форвард ХХІ ғасыр топ-5 лига клубында 100 голды ең жылдам соққан ойыншы атанды:

  1. Харри Кейн («Бавария») – 104 матч

  2. Криштиану Роналду («Реал») – 105

  3. Эрлинг Холанд («Ман Сити») – 105

  4. Луис Суарес («Барселона») – 120

  5. Златан Ибрагимович («ПСЖ») – 124.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram