27.09.2025 01:46
«Бавария» «Вердерді» тізе бүктірді
27.09.2025 01:46
Бундеслиганың 5-туры аясында «Бавария» өз алаңында «Вердерден» басым түсті
«Альянц Аренада» өткен кездесуде мюнхендіктер 4:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелері сапында Харри Кейн дубль жасаса, Конрад Лаймер мен Луис Диас бір голдан соқты.
Осылайша бес ойыннан кейін мүмкін болған 15 ұпайды толық жинаған Венсан Компани турнир кестесінде жеке дара көш бастады.
«Бавария» келесі ойынын Чемпиондар лигасы аясында «Пафосқа» қарсы сырт алаңда өткізеді.