18.09.2025 20:21
«Бавария» қорғаушысы қатардан шықты
18.09.2025 20:21
«Бавария» ойыншысы Йосип Станишич жарақат алды
Хорватиялық қорғаушы Чемпиондар лигасындағы «Челсиге» (3:1) қарсы өткен ойында оң жақ тізесінің ішкі байламын зақымдап алыпты.
Осыған байланысты 25 жастағы футболшы белгісіз мерзімге саптан шығып қалды.
Станишич биылғы маусымда жалпы алты ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді.