13.09.2025 15:50
«Бавария» Франц Беккенбауэрге ескерткіш орнатты
13.09.2025 15:50
«Бавария» стадионы «Альянц Аренаның» маңында Франц Беккенбауэрге арналған ескерткіш орнатылды
Ашылу рәсіміне оның жолдастары бұрынғы футболшылар Ули Хеннес пен Карл-Хайнц Руммениге және мюнхендік клубтың президенті Герберт Хайнер қатысты.
Франц Беккенбауэр «Бавария» намысын 1958-1964 жылдары қорғады. Осы аралықта жалпы 584 матч өткізіп, 75 гол мен 75 нәтижелі пастың авторы атанды. Командамен бірге үш дүркін Германия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының трофейін үш мәрте төбесіне көтерген. Сондай-ақ 1972 және 1976 жылдары «Алтын доп» жеңіп алды.
Одан бөлек бұл клубқа бапкер ретінде де еңбегі сіңді. Беккенбауэр «Баварияны» 1993-1994 және 1996 жылдары тізгіндеп, УЕФА Кубогы мен Бундеслигада топ жарды.
Даңқты футболшы 2024 жылдың 7 қаңтарында 78 жасында өмірден озды. Оның отбасының айтуынша, Франк ұйықтағаннан сол күйі оянбапты. Футболшының қазасынан кейін «Бавария» 5-нөмірді мәңгілікке қолданыстан шығарды.