18.09.2025 11:20
«Бавария» 22 маусым қатарынан жеңіске жетіп келеді
18.09.2025 11:20
Чемпиондар лигасының 1-турында «Бавария» «Челсиді» 3:1 есебімен жеңді
Осылайша мюнхендіктер турнирдің алғашқы турындағы жеңістер сериясын 22 маусымға дейін жеткізді.
Соңғы рет «Бавария» 2002/03 жылғы маусымның бірінші турында «Депортивоға» (2:3) есе жіберген еді.
Содан бері қатарынан 22 маусым бойы алғашқы турдағы қарсыластарының бәрін тұрақты түрде тізе бүктіріп келеді.
Айта кетейік, Венсан Компани шәкірттері келесі турда «Пафосқа» қонаққа барады.