18.09.2025 10:34
Нойер рекорд жаңартты
18.09.2025 10:34
Мануэль Нойер Чемпиондар лигасының матчына қатысқан «Бавария» тарихындағы ең егде ойыншы атанды
Германиялық қақпашы түнеугүні «Челсиге» (3:1) қарсы ойында 39 жас 174 күнінде алаңға шықты. Осылайша, 1999/2000 жылғы маусымда тіркелген Лотар Маттеустың (38 жас 353 күн) рекордын бұзды.
Сонымен қатар Нойер кеше Чемпиондар лигасындағы 100-жеңісіне қол жеткізді.
Мануэль Нойер «Бавария» намысын 2011 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта Чемпионлар лигасы аясында жалпы 151 матч өткізіп, 62 кездесуде қақпасына гол жібермеді.