14.09.2025 15:19

Нойер ұлттық құрамаға оралмайтынын айтты

14.09.2025 15:19

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер Германия ұлттық құрамасына оралмайтынын айтты

— «Ұлттық құрамаға мүлде оралмаймын деп шештім»,– деді голкипер.

Нойер халықаралық футболдағы мансабын өткен жылдың тамыз айында аяқтап кеткен болатын.

39 жастағы ойыншы Германия құрамасының намысын 2009 жылдан бері қорғады. Осы аралықта жалпы 124 матч өткізіп, 51 кездесуде қақпасына гол жібермеді. Командамен бірге 2014 жылы әлем чемпионы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram