08.09.2025 02:01

Германия ӘЧ-2026 іріктеуіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

08.09.2025 02:01

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Германия өз алаңында Солтүстік Ирландияны тізе бүктірді

Кёльн қаласында өткен матчта 3:1 есебі тіркелді. Немістер сапында Серж Гнабри, Надим Амири және Флориан Вирц қақпа торын тулатты. Ал Солтүстік Ирландияның жалғыз голын Айзек Прайс соқты.

Осылайша, Германия іріктеу кезеңіндегі алғашқы үш ұпайын еншілеп, А тобында үшінші орынға орнықты. Ал көшті бірінші матчта «бундестимді» жеңіп, сенсация жасаған Словакия алты ұпаймен бастап тұр. Сондай-ақ, бір мәрте жеңіске жеткен Солтүстік Ирландия екінші орынға жайғасты. Ал мүлде ұпай еншілей алмаған Люксембург соңғы орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram