05.09.2025 15:07

Германияның 24 жылға созылған нәтижелі сериясы бұзылды

05.09.2025 15:07

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Германия Словакияға есе жіберді

Братиславада өткен матчта немістер 0:2 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, Германия соңғы 24 жылда алғаш рет ӘЧ іріктеу кезеңінің матчында гол соға алмай қалды. Соңғы рет мұндай жағдай 2001 жылы ӘЧ-2002 іріктеу кезеңіндегі Финляндияға қарсы ойында (0:0) тіркелген еді.

Айта кетейік, Германия 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Солтүстік Ирландия, Словакия және Люксембургпен бірге J тобында сынға түсіп жатыр. «Бундестим» 2-турда өз алаңында Солтүстік Ирландияны қабылдайды. Аталған матч 7 қыркүйекке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram