13.09.2025 23:36

«Бавария» ірі есеппен жеңіске жетті

13.09.2025 23:36

Германия Бундеслигасының 3-туры аясында «Бавария» өз алаңында «Гамбургты» тізе бүктірді

«Альянц Аренада» өткен кездесуде мюнхендіктер 5:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң қожайындары сапында Харри Кейн дубль авторы атанса, Луис Диас, Серж Гнабри және Александр Павлович бір голдан соқты.

Осылайша үш ойынның бәрінде де жеңіске жеткен «Бавария» тоғыз ұпаймен турнир кестесінде көш бастады.

Венсан Компани шәкірттері келесі ойынын Чемпиондар лигасы аясында «Челсиге» қарсы Германияда өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram