26.09.2025 17:26
Эрлинг Холанд қатарға қосылды
26.09.2025 17:26
Пеп Гвардиоланың айтуынша, Эрлинг Холанд «Бернлиге» қарсы матчқа қатысуға дайын екен.
Шабуылшы жарақатына байланысты «Хаддерсфилдке» қарсы ойыннан тыс қалған еді.
Абдуқодир Хусанов, Раян Аит-Нури, Райан Шерки және Омар Мармуш ойнамайды. Ал Матео Ковачич шығып қалуы мүмкін.
Англия Премьер-лигасының 6-туры аясындағы «Бернлиге» қарсы матч 27 қыркүйек күні өтеді.