26.09.2025 15:22

Коул Палмер бірнеше аптаға қатардан шықты

26.09.2025 15:22

«Челси» бас бапкері Энцо Маресканың айтуынша, Коул Палмер 2-3 апта ойнамайды екен.

Лондондықтар 23 жастағы ойнышы жарақатын асқындырып алмау үшін демалыс беруді жөн көріпті.

Палмер «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчты аяқтай алмай, «Линкольнмен» өткен ойынға қатыспаған еді.

Енді ол шамамен 14 қазан күні аяқталатын ұлттық құрама ойындарынан кейін оралады.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram