26.09.2025 14:25

Слот Кьезаның Чемпиондар лигасында ойнайтынын растады

26.09.2025 14:25

«Ливерпуль» бас бапкері Арне Слот «Кристал Пэласқа» қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында Федерико Кьезаға қатысты пікір білдірді.

47 жастағы маман Кьезаның Чемпиондар лигасына қатысатын ойыншылар тізіміне қосылатынын айтты.

Мұндай шешім қабылдауға Джованни Леонидің крест байламын үзіп, ұзақ уақытқа қатардан шығуы себеп болды.

Сондай-ақ Слот 18 жастағы қорғаушының бір жылдай ойнай алмайтынын мәлімдеді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram