26.09.2025 11:49
Донни ван де Бек тағы жарақат алып қалды
26.09.2025 11:49
Донни ван де Бек «Атлетикке» қарсы матчта (1:1) сол аяғының ахилл сіңірін толықтай үзіп алған.
Осыған байланысты кеше, 25 қыркүйек, «Жирона» ойыншысына ота жасалып, шамамен сегіз айға қатардан шықты.
Ван де Бек мамыр айында алған жарақатынан кейін осы айда ғана оралып, бар-жоғы екінші матчын өткізді.
Осылайша бұл Доннидің мансабындағы оныншы жарақаты болды. Осыған дейін жалпы 448 күні емделуге кеткен еді.