27.09.2025 20:53
«Челси» «Брайтонға» есе жіберді
27.09.2025 20:53
Ағылшын Премьер-лигасының 5-туры аясында «Челси» өз алаңында «Брайтонды» қабылдады
«Стэмфорд Бриджде» өткен кездесу 1:3 есебімен аяқталды. «Брайтон» сапында Дэнни Уэлбек дубль жасаса, Максим де Куйпер бір мәрте мергендік танытты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Энцо Фернандес соқты.
Сондай-ақ Трево Чалоба 53-минутта қызыл қағаз алып, ойыннан қуылды.
Осылайша алты ойында сегіз ұпай жинаған Лондонның клубы турнир кестесінде 7-орынға жайғасты.
Энцо Мареска шәкірттері келесі турда өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды.