04.09.2025 08:31
Стерлингтің «Челсидегі» болашағы бұлыңғыр
04.09.2025 08:31
Рахим Стерлинг «Челсиден» кетуі мүмкін
Football Insider мәліметінше, лондондық клуб англиялық вингермен арадағы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғысы келеді.
«Челси» басшылығы осы жазда Стерлингті сатылымға қойған. Алайда, Рахим клуб ауыстырған жоқ.
Бүгінде Стерлинг командадағы ең көп жалақы алатын футболшы болып табылады. Оның апталық табысы шамамен 350,000 еуроны құрайды.
Айта кетейік, Стерлинг өткен маусымды «Арсеналда» жалда өткізіп, 28 ойында 1 гол соғып, 5 ассист жасады.