30.08.2025 20:06
«Челси» жеңіліссіз сериясын ұзартты
30.08.2025 20:06
Ағылшын Премьер-лигасының 3-туры аясында «Челси» «Фулхэмді» 2:0 есебімен жеңді
«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде Жоао Педро мен Энцо Фернандес мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, «көктер» АПЛ аясындағы өз алаңындағы жеңіліссіз сериясын 12 ойынға дейін жеткізді. «Челси» соңғы рет 2024 жылдың 26 желтоқсанында дәл осы «Фулхэмге» есе жіберген болатын. Содан бері тоғыз рет жеңіске жетіп, үш кездесуде тең түсті.
Айта кетейік, үш ойында жеті ұпай жинаған Энцо Мареска шәкірттері турнирлік кестеде көш бастап тұр. Лондондық клуб келесі турда «Брентфордке» қонаққа барады. Аталған ойын 14 қыркүйекке белгіленген.